Қытайда сирек кездесетін құс тұмауының H3N8 түрінен әйел адам көз жұмды-ДДҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдар арасында сирек кездесетін құс тұмауының түрінен қайтыс болған алғашқы әйел жайлы мәлімдеді. Бұл туралы Japantimes хабарлады..
ДДҰ мәлімдемесінде айтылғандай, Гуандунның оңтүстігіндегі 56 жастағы қытайлық әйел адамдар арасында көп таралмайтын құс тұмауының H3N8 кіші түрін жұқтырған.
Қайғылы жағдай ағдайлар Қытайда тіркелді.
ДДҰ хабарлағандай, қайтыс болған науқаста бірнеше негізгі аурулар да болған.
ДДҰ мәліметтері бойынша, жұқтырған әйелдің жақын байланыстары арасында басқа жағдайлар анықталған жоқ.
ДДҰ бұл вирустың адамнан адамға оңай таралу қабілеті жоқ деп санайды. Сондықтан оның ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде адамдар арасында таралу қаупі төмен деп саналады.
Дегенмен, барлық құс тұмауының вирустарын бақылауды арттыру маңызды болып саналады.