Таудан тас құлауына байланысты Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды – ТЖМ
11 сәуірде түнде Медеу Шымбұлаққа барар жолда көлемі шамамен 20м3 тас опырылып түскені туралы хабарлама алынған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, жауын-шашын мен көшкін қаупіне байланысты алдын ала қойылған блокбекеттердің арқасында адамдардың зардап шегуіне жол берілмеді
Тастардың көп бөлігі қорғаныс қабырғасының ішінде құлап, алайда қорғаныс қабырғасы, сондай-ақ қорғаныс торлары зақымдалған, 2 тіреу майысқан.
«Таудан тастардың қайта құлау қауіпіне байланысты «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Медеу» табиғи паркі КММ автожол учаскесін толық жабу туралы ұсынымдар берді. Қазіргі уақытта жол (Медеу-Шымбұлақ) жабылды. Жұмыстарды қала қызметтері жүргізуде» делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесі алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына Қазгидрометтің жауын-шашын туралы болжамына байланысты тауға барудан бас тартуға кеңес береді.
Сонымен қатар тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Егер сізге көмек қажет болса, 112, 109 немесе 8(727) 372 -15-60 (ҚР ТЖМ РЖҚЖ ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) желілеріне қоңырау шалу қажет.