Ұлттық экономика вице-министрі ұсталды

Жарияланды

Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров екі ай үйқамақта болады. Ақпаратты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі растады.

Сотқа 10 сәуірде Алматы қаласы прокурорының орынбасары келіскен өтініш түскен. Өтініште Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобының басшысының күдікті деп танылған Ілияс Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы көрсетілген.

«Өтініш қанағаттандырылып, күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 10 маусымына дейін үйқамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген ресми ақпаратта.

Ілияс Өсеров 2022 жылы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
Бір жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз