Жаңалықтар

Францияда зейнетақы реформасына қарсы жаппай наразылық акциясы қайта өршіді

Францияда ертең зейнеткерлік жасын ұлғайту туралы Үкімет қабылдаған реформаға қатысты, көптен күткен үкім шығады. Бұған алаңдаған тұрғындар Конституциялық Кеңестің ғимаратын бүгін қоршауға алды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Олардың басты талабы – биліктің халық пікіріне құлақ асуы. Бүгін олар коммуналдық қызмет ошақтарын бұғаттап тастады. Кей оқу орындарында білім беру процесі тоқтады. Ұлттық статистика қызметі Франция халқының 73 проценті, бұл реформа бойынша ұлттық референдум өткізуді қолдайды дейді. Бұл мақсатта 1 мамыр – Еңбек күнінде тұрғындар, бұдан да ауқымды шеру өткізуді жоспарлап отыр. 

«Біз Конституциялық Кеңестің даналығына сенеміз. Оның саяси масштабы кең, Кеңестің мүшелері дұрыс шешім шығарады деген ойдамыз. Дағдарыстан шығудың жолы – азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыру. Елисей сарайы халықтың пікірін тыңдаудан қашып отырған бұл мәселеде жалғыз шешім осы. Зейнетақы реформасын қолдау я қарсы екенін нақ білу маңызды»-деді CGT кәсіподақтар конфедерациясының бас хатшысы Софи Бинет.