КҚК-да 10 сәуірден бастап мұнай жөнелту тоқтаған

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

10 сәуірден бастап, КҚК теңіздегі терминалы шығыңқы айлақша құрылғысы арқылы (ВПУ) мүнайды ауыстырып тиеуді тоқтатты. Сонымен қатар, жұмыстың жоспарға сай тоқтауына байланысты резервуар паркіне мұнай қабылдамайды. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл хабарлама 10-12 сәуір аралығында Ресейдегі кейбір ақпарат көздерінің Новороссийсу қаласы муниципалды құрылымында жағымсыз иіс пайда болып, экологиялық жағдай нашарлағаны туралы ақпаратына жауап ретінде беріліпті.

КҚК хабарлауынша, мұнай қабылдау тоқтатылғанына байланысты консорциум нысандарынан жағымсыз иіске себеп боларлықтай органикалық қосылыстар ауаға тарап жатқан жоқ.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан мұнай экспортының басым бөлігі осы мұнай құбыры арқылы тасымалданады. КҚК техникалық себептерге байланысты бұған дейін де бірнеше рет мұнай жөнелтуді тоқтатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз