Тоқаев ҰҚК төрағасы орынбасарларын тағайындады

Жарияланды

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі (ҰҚК) тағайындау туралы бірнеше жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған. Ол бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарып келген. Оның қызметтен кету себебі айтылмады.

Өз кезегінде Руслан Сейсембаев пен Асхат Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Руслан Темірғалиұлы Терроризмге қарсы қызметті басқарса, Асхат Қалмағамбетұлы Экономикалық қауіпсіздік қызметін қолға алады.

Бұған дейін Президент Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған Ғабит Байжановты қызметінен босатқан еді. Оның орнын Асқар Әмірханов тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз