Жаңалықтар

Mondelēz International өз өніміне халал стандарты сертификатын алып, Рамазан айына арнайы жинақ ұсынды

Фото: Mondelēz International

Mondelēz International компания тобы Қазақстан, Өзбекстан және «Еуразия» бөлімшесінің басқа да елдерінде сатылатын Alpen Gold, Milka, «Медвежонок Барни»,  Oreo, Dirol, Toblerone және өзге брендтерінің негізгі өніміне Халал сертификатын алды. Өнім GSO 2055-2:2021, U2AE.S 2055-2.2016 және OIC/SMIIC 2:2019 халықаралық талаптарына сәйкес сертификатталған. Сондай-ақ тұтынушыларға Рамазан айына Mondelez өнімі салынған арнайы мерекелік жинақтар ұсынылды.

«Mondelēz International біз өз тұтынушыларымыздың өзгермелі қалауларын әрдайым бақылап отырамыз, – дейді коммерциялық стратегия және санаттарды жоспарлау басшысы Ольга Синицкая. – Біз Орталық Азия елдерінде жыл өткен сайын  көп тұтынушылар халал сертификатының болуына назар аударатынын көріп отырмыз. Сондықтан біз осы елдер үшін өнім өндірілетін Mondelez зауыттарын сертификаттауды жүргізу туралы шешім қабылдадық. Қаптамаға белгі қою үшін біраз уақыт кететінін ескере отырып, біз сатып алушыларға қаптамада көрсетілген сенім телефонының нөмірі бойынша белгілі бір өнімге халал сертификатының болуын нақтылауды ұсынамыз. Халал сертификаттарын сондай-ақ келесі сілтеме арқылы өтіп, компанияның ресми сайтынан табуға болады.

Сертификаттардың болуы ингредиенттердің құрамы, қаптамасы, өндіріс желілері мен өндіріс технологиялары халықаралық Халал стандарттарына сәйкес келетіндігін растайды.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстандағы мұсылмандар саны абсолютті сандармен республика халқының өсуімен бірге артып келеді және 2021 жылғы жағдай бойынша 13 млн. астам адамды құрады. Компанияның өз бағалауы бойынша, «Еуразия» кластерінің барлық елдеріндегі мұсылмандар саны 65 миллионнан асады.

Осы деректерді ескере отырып, биыл алғаш рет Mondelez өнімдерімен Рамазан айына арналған арнайы мерекелік жиынтықтар Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығарылды. Жинақтардың барлық сұрыпталымы Халал стандарты бойынша сертификатталған және ораза ұстайтындар үшін жарамды. 

«Бір қызығы, халал стандарттары бойынша сертификатталған өнімдер мұсылман дінін ұстанатын адамдар арасында ғана емес, басқа конфессиялардың өкілдері мен діни емес азаматтар арасында да танымал, – деп атап өтті Ольга. – Сатып алушылар сертификаттың болуы өнімнің қауіпсіздіктің жоғары талаптарын көрсете отырып, қосымша бақылаудан өткенін көрсетеді. Біз, бұл сертификаттаудың Milka, Oreo, Alpen Gold, «Медвежонок Барни», Dirol секілді біздің қуатты брендіміздің Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Еуразияның өзге елдеріндегі тұтынушыларымызға бұрынғыдан да жақын бола түсуге көмектесетіндігіне сенімдіміз».

Қазақстандағы Mondelēz International компаниясы

 «Мон’дэлис Казахстан» ЖШС Mondelēz International компаниялар тобына кіреді. Компания Қазақстан нарығында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. «Мон’дэлис Казахстан» ЖШС Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Қазақстандағы дистрибуциядан басқа, кеңсе қызметкерлері «Еуразия» кластерінің келесі елдеріндегі коммерциялық қызметті қолдауға жауапты: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Бұл елдердің көпшілігінде компания «шоколад», «печенье», «сағыз және кәмпиттер» санаттарында жетекші орын алады. Компания Еуразиядағы тұтынушыларға келесідей танымал брендтерді Alpen Gold, Milka, Picnic және Toblerone шоколады, «Юбилейное», Oreo печеньесі, «Медвежонок Барни» және Milka бисквиттері, TUC тұзды снегі, Dirol сағысы мен Halls мұз кәмпиттерін ұсынады.

Әлемдегі Mondelēz International компаниясы

Mondelēz International, Inc. (NASDAQ: MDLZ) әлемнің 150-ден астам елінде адамдарды дұрыс тамақтануға шабыттандырады. Компанияның 2022 жылғы таза кірісі шамамен 29 миллиард АҚШ долларын құрады. MDLZ аңызға айналған, келесідей жаһандық және жергілікті брендтердің арқасында бүкіл әлемде снекингтің болашағын жасайды: OREO, belVita және LU печеньесі; Cadbury Dairy Milk, Milka және Toblerone шоколады; Sour Patch Kids мұз кәмпиттері және Trident сағызы. Mondelēz International Standard and Poor’s 500, Nasdaq 100 және Dow Jones Sustainability Index рейтингтерінде бар екенін мақтан тұтады.


Mondelēz International «Еуразия» бизнес-бөлімшесі 10 елден тұрады: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Моңғолия және Түрікменстан.