«Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын жөндеуге Ұлттық қордан 50 млрд теңге қарыз алынады

Жарияланды

«ҚазТранОйл» АҚ-на 100 пайыз акциясы тиесілі «Магистральдық Суағызғы» компаниясы Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы қаражатты облигациялық қарыз түрінде 50 млрд теңге алады. Бұл қаражат «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын жаңарту және кеңейтуге жұмсалмақ.

Осыған байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес 2023 жылғы 3 сәуірде «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жалпы сомасы 50 млрд теңгеге 50 млн облигация шығарған.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дағдарысқа қарсы қаражат беру үшін «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-на облигациялық қарыз түрінде «Самұрық-Қазына» АҚ-дан осындай облигациялық қарыз тартады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 14 наурыздағы шешіміне сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50 млрд теңгеге облигация шығарды.

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық қордан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді. «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға осы қаражатты 50 млрд теңге және 20 млрд теңге сомасына екі облигациялық қарыз түрінде беруді жоспарлап отыр. Алынған дағдарысқа қарсы құралдар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-на ұқсас облигациялық қарыз түрінде береді.

Ұлттық қордан бөлек, дағдарысқа қарсы қаражаттан басқа, жобаны қаржыландыру үшін 2022 жылғы қарашада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарызы тартылды.

Жобаның жалпы құны ҚҚС-пен 112,9 млрд теңгені құрайды.

Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры – Маңғыстау облысының бірнеше ауданыны және ірі мұнай компанияларын сумен қамтамасыз етіп отырған ірі құбыр.

Сондай-ақ оқыңыз