«Самұрық-Қазына» жыл сайын табысының 7%-ын «Қазақстан халқына» қорына аударуға міндеттелді

Жарияланды
Фото: Ашық дереккөзден

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Бұл туралы Премьер министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының кем дегенде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтқан болатын», делінген ақпаратта.

«Қазақстан халқына» қоры алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады, олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.

Сондай-ақ оқыңыз