Жаңалықтар

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас: қытайлық Дин Лижэнь төртінші партияда жеңді

Қытайлық Дин Лижэнь Астанада өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың төртінші партиясында жеңіске жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ресейлік Ян Непомнящий 47-ші жүрістен кейін ұтылғанын мойындады.

Осылайша, қытайлық гроссмейстер сериядағы есепті 2:2 қылып теңестірді.

Қос қарсылас бір реттен жеңіске жетіп, екі партияны тең аяқтаған болатын. Бесінші партия 15 сәуір, сенбі күні өтеді. Ертең гроссмейстерлер демалады.

Әлем чемпионаты аясында барлығы 14 партия жоспарланған. 7 ұпайдан жоғары жинаған шахматшы әлем чемпионы атанады.