Жаңалықтар

Зайсанда газ тарату қызметі тегін құрылғы үшін халықтан ақша жинаған

Зайсан тұрғындары газ тарату құрылғысын орнату мен оны монтаждау ақысын өз қалтасынан төлеген. Алайда бұл жұмыстарды  газды жеткізіп беруші компания тегін істеп беру керек еді. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Заң бұзушылықты прокуратура мен табиғи монополияларды реттеу басқармасының өкілдері анықтады. Газбен жабдықтау компаниясы бұл жымысқы әрекеті  есебінен 6 миллион теңге пайда көрген. Енді бұл артық қаражат тұтынушылардың әрқайсына тікелей немесе газ төлемақысын шегеру арқылы қайтарылуы мүмкін.

«Бірінші және аппиляциялық сатыдағы сот шешімдері бойынша, департаменттің шешімі заңды болып табылып, қазіргі таңда «Қазтрансгазаймаққа» осы талаптар орындалу бойынша шаралар қолдануда»,-деді ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Жұмагүл Мүсіпова.