Елімізде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды сатып алу көлемі артты

Жарияланды

Фото: автордікі

2022 жылы мұнай-газ және уран өндіру жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды сатып алу көлемі 5,7 трлн теңге болды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту» форумында Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов мәлімдеді.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар, оның ішінде мұнай-газ және уран өндіру жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу көлемі 5,7 трлн теңге болды. Ол 2021 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық. Бұл – өте үлкен көрсеткіш», – деді вице-министр.

Айтуынша, қазір тауарлар, қызметтер, жұмыстарды сатып алу тұрақты дамып келеді.

«Оның ішінде жергілікті қазақстандық үлесті қамтып жатыр. Бірақ сонда да потенциал жоғары. 5,7 трлн теңгенің 75%-ы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының компанияларына тиесілі. Оның 75%-ы «Теңізшевройл», NCOC, «Қарашығынақ» ірі кен орындарына тиесілі. 13%-ы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының компанияларына, 12%-ы қалған жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі», – деді Асхат Хасенов форумда.

Сондай-ақ оқыңыз