Еліміздегі теңіз порттарының әкімшілігі сақтандыру жөніндегі куәлікті бере бастайды

Жарияланды
корабли
Фото: Pixabay.com

Биыл 11-ші маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының теңіз порттарының әкімшілігі суға батқан кемелерді жою жөніндегі Найроби халықаралық конвенциясында қарастырылған теңізге батқан кемелерді алып тастауға байланысты жауапкершілікті сақтандыруды немесе басқа да қаржылық қамтамасыз етуді көздейтін куәлікті беруге кіріседі.

Бұл куәлік ҚР-ның Мемлекеттік туының астында жүретін жалпы сыйымдылығы 300 немесе одан да артық тонналы теңіз кемелеріне берілетін болады.

Осы ретте аталған құжатты беру тәртібі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылдың 28-ші наурыздағы №187 «Суға батқан кемелерді жоюға байланысты жауапкершілікті сақтандыру немесе басқа да қаржылық қамтамасыз етуді көздейтін куәлікті беру қағидалары және оның түрлерін бекіту туралы» бұйрығымен реттелетінін айта кетейік.

Куәлік сақтандыру туралы полистің немесе кеме иесінің суға батқан кемелерді жою жөніндегі жауапкершілігі мен өзге қаржылық қамтамасыз етуді көздейтін құжаттың қолданылу мерзімінен аспайтын уақытқа берілетінін еске сала кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыз