Мемлекеттік қызметке тұру барысында «Қазтест» арқылы тест тапсыру міндеттелуі мүмкін

Жарияланды

Фото: .kursiv.media

Мемлекеттік қызметке тұру барысында азаматтарға қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тест тапсыру міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасында айтылған.

Қазір мемлекеттік қызметке тұру барысында қазақ тілін білу тест тапсыру заңнамалық тұрғыда міндеттелмеген.

«Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету органдарына, т.б қызметкерлерге қызметке тұру барысында «Қазтест» жүйесі арқылы тест тапсыру заңнамалық тұрғыда міндеттелмеген. Аталған мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет етіледі», – делінген министрліктің Қазақстанда тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжымырымдасында.

Алайда бұл бастаманың іске асыру мерзімі хабарланбаған.

«Қазтест» – Қазақстан азаматтарының және республика аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. Ол халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің қағидаттары мен талаптарына негізделген.

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдасы аясында Siri мен Алиса сынды дауыстық көмекшілердің қазақстандық баламасы – Айсана атты робот шықпақ. Ол қазақ тілінде сөйлеп, жауап беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыз