Кәдесый мен 3D-тур: Алматыда туризмді дамытуға 1 млн доллар жұмсалмақ
Фото: kursiv.media
Алматыда туризмді дамытуға миллион доллардан астам қаржы жұмсау жоспарлаған. Бұл жайлы ақпаратты PROTENGE телеграм каналы жариялады.
Ақпаратта мұндай көлемдегі қаржаттың Visit Almaty ребрендингіне, кәдесыйлар мен 3D-турларға жұмсалатыны айтылған. Осыған дейін аталмыш телеграм канал Visit Almaty өз брендіне ребрендинг жасауға 44,8 миллион теңге жұмсағалы жатқанын жазған. Алайда кейінірек ол соманы жеткіліксіз деп танып, Алматы туризм басқармасы мен Visit Almaty бірлесіп, 675 миллион теңгеге келісімге қол қойған.
«Қазіргі жоспарда «Visit Almaty брендіне ребрендинг жасау» мәселесі ғана қарастырылмаған, сонымен бірге оның ішінде жеке тұлғаны дамыту, блогерлер тарту, әлеуметтік желілерге жарнамалық посттар жариялау, сонымен қатар қызметкерлердің қонақжайлылығын арттыру үшін тренингтер өткізу, 3D турлар ұйымдастыру, кәдесыйлар жасау және әкімшілік шығындар кіреді. Құжаттарда толық есеп келітірілмеген. Сондықтан қанша ақша және нақты не үшін кететіні әлі белгісіз» делінген ақпаратта.
2022 жылғы көрсеткіштердің қорытындысы бойынша ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жеткен.