Инфляция жайлы деректер жарияланған соң, Dow Jones пен S&P 500 индексі өсті

Жарияланды

Сауда-саттық нәтижесі бойынша Dow Jones индексі 1,14%-ға, S&P 500 1,33%, ал Nasdaq Composite 1,99%-ға көтерілді. KASE мамандары инфляция мен жұмыспен қамтуға қатысты соңғы деректер инвесторлар күткенне де әлсіз шыққанын айтады.

Ал бұл өз кезегінде ФРЖ қатаңдату циклінің соңына жақындап қалды деген деген үмітті арттырды. S&P индексіндегі 11 сектордың 10-ы жоғары жабылды. Наурызда өндіруші бағасының индексі 0,5%-ға төмендесе, ал 8 сәуірде аяқталған аптадағы жұмыссыздық туралы өтініштер 2022 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары деңгейге жеткен. ФРЖ наурыздағы отырысының хаттамасына сәйкес, сарапшылар биыл рецессия болып, мамырда тағы да ставка көтерілуі мүмкін деп болжайды. Ірі технологиялық компаниялардың акциялары өсті: Amazon (+4,6%), Apple (+3,4%), Meta (+3%) және Alphabet (+2,7%).

Еуропа қор нарықтары да бейсенбіде көтерілді: Stoxx 600 0,4%, DAX – 0,2% қосты. Әлемдегі ең ірі сәнді тауарлар компаниясы LVMH бірінші тоқсанда сатылым 17% өскенін хабарлады, бұл Қытай қайта ашылғаннан кейін. сарапшылар болжамынан екі есе көп.

Жапониялық Nikkei 225 жұма күні 28 460-тан 1%-ға көтерілді, бұл бөлшек сауда саласындағы табыстарға ықпал етті. Бөлшек сауда секторының көшбасшысы Fast Retailing акциялары табысы жоғарылағанын жариялаған соң, 9%-ға өсті. Сектордағы Seven & I Holdings (2,2%), Treasure Factory (3,4%) және Lawson (5,6%) сынды компаниялар да өсім көрсеткен.

Shanghai Composite 0,3%-ға көтеріліп, 3,329-дан жоғары болды. Наурызда экспорт күтпеген жерден өсіп, жаһандық экономиканың баяулайтыны жайлы кейбір қауіпті сейілтті. Энергетика және технология компаниялары Naura Technology (5,8%), Ganfeng Lithium (5,4%) және Tianqi Lithium (5,3%) арқасында өсімге қол жеткізді.

Мәскеу биржасының индексі бейсенбі күні 0,23%-ға өсіп, 2 544,28 болды.

KASE индексі 0,01%-ға төмендеп, 3 461,54 тармақты құрады. Акциялары биржа индикаторына енген алты компанияның бағалы қағаздары сауданы құлдыраумен аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыз