Әлеуметтік мекеме басшылары зейнеткерлер мен мүгедектердің 12 млн теңгесін ұрлаған

Жарияланды
афм
Фото: Shutterstock

Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік мекеме басшысы мекемеде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысқан. Бұл ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді», делінген хабарламада.

Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіріп, қылмыс ізіп жасырғысы келген басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Айта кетейік, бұдан бұрын ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Qamqor» жедел алдын-алу шарасы аясында Абай қ. қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатынн.

Ал ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетін анықтаған. Автобаза директоры ЖШС-да басшылық қызмет атқаратын басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ оқыңыз