Алматы әкімі Ерболат Досаев Түркия елшісімен кездесті

Жарияланды

Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджудың Алматы қаласына алғашқы сапары кезінде экономикалық, сауда және инвестициялық салалардағы серіктестік мәселелері талқыланды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшысының айтуынша, түрік кәсіпорындары ұзақ мерзімді жоспарлар құрып, қызметін кеңейту мүмкіндіктерін іздеп жатыр. Түркиядан капитал тарту қала экономикасының дамуына қуатты серпін береді.

Түркия Қазақстан экономикасындағы ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді.
2022 жылы Алматы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 1 миллиард АҚШ доллар болған.

Кездесу қорытындысында тараптар серіктестікті одан әрі нығайту туралы уағдаласты.

Сондай-ақ оқыңыз