Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын мақұлдады

Жарияланды
Забастовка Франция
Фото: bigmir.net

Францияның Конституциялық кеңесі жалпы зейнетақы реформасын мақұлдады. Бастаманың барлық дерлік ережелері, соның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін көтеру және жәрдемақыларды азайту елдің негізгі заңы мен республика қағидаттарына сәйкес келеді. Бұл туралы euronews.com хабарлады.

Алты тармақ қабылданбады. Оның ішінде 300-ден астам қызметкері бар кәсіпорындар үшін егде жастағы жұмысшылардың ең төменгі санын енгізуді, сонымен қатар, Конституциялық Кеңес оппозицияның зейнетақы реформасы бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қабылдамады.

Енді Франция президенті Эммануэль Макрон түзетулер енгізілген жағдайда өзінің сайлауалды уәделерінің бірін жүзеге асыратын бастамаға қол қоя алады. Елисей сарайы рәсімнің бұл бөлігін кешіктіруге болмайтынын түсіндірді. Келесі аптаның басында реформа күшіне енуі мүмкін.

Ал сейсенбіде Макрон кәсіподақ өкілдерін кездесуге шақырады. Реформаға қарсылар қазірдің өзінде мұндай келіссөздер өткізу екіталай деп жауап беріп, наурызда бүкіл ел бойынша бірнеше миллионға жуық адам жиналатын және Франциядағы ғасыр басынан бергі ең жаппай наразылық шерулерін жалғастыруға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыз