Қазақстан, Бельгия және Нидерланд консулдық саладағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейтуді талқылады

Жарияланды

Қазақстан Республикасы, Бельгия Корольдігі мен Нидерланд Корольдігінің консулдық департаменттерінің өкілдері арасында бейнеконференция форматында кездесу өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту перспективасын талқылады. Атап айтқанда, қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату мәселесі көтерілді.

Келіссөздер нәтижесі бойынша мемлекеттердің консулдық саладағы қатынастарды нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз