Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин гуманитарлық және сауда миссиясымен Кабулға барды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді.
Жалпы көлемі 5 403 тоннаны құрайтын(81 вагон) негізгі гуманитарлық жүк теміржол көлігімен жеткізілді.
Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен (сүт консервілері, өсімдік майы, ұн, қарақұмық) тұрады.
«Президент тапсырмасы бойынша біз Қазақстан халқы атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін келдік. Біздің гуманитарлық миссиямыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Осынау мұсылмдандар үшін берекелі уақытта баршаға бейбітшілік пен тыныштық тілейміз», — деді Серік Жұманғарин.
Ауғанстанға сапары аясында Серік Жұманғарин сауда және өнеркәсіп, сыртқы істер, байланыс және телекоммуникация министрлерінің міндетін атқарушы, вице-премьер м.а. Абдул Гани Барадармен кездесті.