Жаңалықтар

Алматыда БҰҰ -ның өңірлік орталығын ашу мәселесі талқыланды

Фото: Ақорда

Орталық Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның ресми орталығын ашу перспективасы туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаның кездесуі барысында сөз болдықабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысы жоғары лауазымды дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан оның бұл сапары маңызды екенін атап өтті» делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды.

«Өз кезегінде Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ  елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді» делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке сәлемін жолдады.