Аргентинада инфляция шарықтап барады
Аргентинада күн өткен сайын тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп жатыр. Әсіресе қарттарға қиын. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Аргентинада зейнеткерлердің 85 пайыздан астамының, яғни 6 жарым миллион қарияның зейнетақысы елдегі ең төменгі жалақы мөлшерінен аз. Бұл ақшаға ай сайын қажет зәру заттың 30 пайызын ғана алады.
Жылдық инфляция 105 пайызға көтерілді. Орталық банк бұл көрсеткіш 110 пайызға жетеді дейді. Жыл басынан бері ұлттық валюта 20 пайызға құнсызданған. Үкімет айына 67 доллар жәрдемақы беруге шешім қабылдаған. Бірақ бұл жұғын болмай тұр.
Соңғы дерек бойынша, кедей тұрғындардың саны 40 пайызға артқан. Сарапшылар әлеуметтік-экономикалық жағдайдың құлдырауы билеуші партияны қазан айында өтетін парламент сайлауында беделінен айыруы мүмкін деп болжайды. Бұл дағдарыстың тағы бір себебі бар. Әлем бойынша ірі көлемде астық экспорттайтын Аргентина қазір ел тарихындағы ең ауқымды қуаңшылықты бастан кешіруде.