Арыстанбек Мұхамедиұлы 221 млн теңге жымқыру ісі бойынша тағылған айыпты мойындамады

Жарияланды

Мемлекеттік айыптаушы Еркеғали Зәкіров экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен қылмыстық іс бойынша басқа үш сотталушының қалай әрекет еткенін айтты.

Прокурордың айтуынша, 2020 жылы Ұлттық музейге «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында өткізілетін «Ұлы дала: кеңістік, уақыт, мәдениет» көрмесін өткізуге қаражат бөлінді. Сол кезде Мұхамедиұлы АҚШ, Германия, Италия, Индонезия, Литвада халықаралық көрмелер өткізуге шамамен 1,27 млрд теңге бюджет сомасы бекітілгенін білген.
Алайда аталған елдердегі ұлттық музейлермен келіссөздер барысында түрлі себеппен бір мәмілеге келе алмаған, ол елдер 2020 жылдың қаңтарында көрме өткізуден бас тартқан. Алайда Мұхамедиұлы мұнымен тоқтамай, елдерді өзгерту жөнінде шаралар қабылдаған.

«Ол үшін 2020 жылдың 13 қаңтарында Ұлттық музейден ҚР Үндістандағы елшісіне Үндістанның Ұлттық музейінде көрме өткізуге жәрдемдесу туралы хат жолданды», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Мұхамедиұлы Ұлттық музей директорының орынбасары Алмаз Нұрасханға техникалық ерекшелік жасауға және «ұрлық жасауға жәрдемдесетін» жеткізушіні таңдауға заңсыз нұсқаулар берген. Ол директордың орынбасары Азамат Көшеновпен бірге «Экспонат» ЖШС-ны іске тартқан. Бұған дейін бұл ЖШС халықаралық көрмелерді өткізуде мұражайға қызмет көрсеткен. Көшенов бухгалтер Айым Сәдуақасованы да осы іске тартқан.
Содан кейін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалып, «Экспонат» ЖШС қызмет көрсетуші болып таңдалған. Бұл жерде сома шамамен 1,27 млрд теңгені құраған.

Шығынды азайту үшін Мұхамедиұлы 2020 жылдың 10 ақпанында Үндістанның Ұлттық мұражайы бірқатар қаржылық шығындарды өз мойнына алатын келісім жасасты. Оның ішінде техникалық жабдықтау, жарнамалау, фуршет өткізу, 100-150 адамға арналған көрмені ашу, соның ішінде мәдениет саласындағы VIP-тұлғаларды шақыру, қазақстандық делегацияға тур ұйымдастыруды қамтыған.

Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Мәдениет және спорт министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымдарға 2020 жылдың І жартыжылдығында жоспарланған шетелдік сапарларды, мәдени-бұқаралық іс-шараларды тоқтату туралы хат жолдады.

Алайда Мұхамедиұлының бұрын Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарғанын пайдаланып, бұл нұсқауды елемегенін. Содан кейін Үндістанның Ұлттық мұражайында 2020 жылдың 18 наурызында көрме өткізу ниеті туралы хат жолдаған.

Мұхамедиұлы енгізілген шектеулерге қарамастан, бюджет қаражатын жымқыру мақсатымен 2020 жылдың 19-21 наурыз аралығында көрмені ресми түрде өткізуге нұсқау берді. Ал 2020 жылдың 17 наурызында Мұхамедиұлы Үндістанның Ұлттық мұражайына шұғыл түрде көрмені демонтаждау туралы шешім қабылдау туралы хат жолдаған.

Мемлекеттік айыптаушы Нью-Делиде халықаралық көрме өткізілмегенін, ал оның негізгі мақсаты – Қазақстанды танымал ету және имидждік ілгерілету болғанын айтты.

Тергеудің хабарлауынша, «Даму» аудиторлық компаниясы ЖШС-ның 2022 жылдың 27 шілдедегі есебіне сәйкес, «Экспонат» ЖШС қызмет көрсетуді және тауарды жөнелтуді іс жүзінде орындамай, 221 млн 411 мың 730 теңге сомасында қызмет «атқарған».

Осылайша, Мұхамедиұлы мен Нұрасхан Көшенов пен Сәдуақасованың көмегімен жымқыру әрекетін жасаған.

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз