Ауа райының қолайсыздығынан Астана әуежайында 23 рейс кейінге қалдырылды

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Астана қаласында ауа райының қолайсыздығынан халықаралық әуежайда рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы әуе жайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп. Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз» делінген хабарламада.

Сенбі және жексенбі күндері елордада қар жауып, боран болды. Ауа райының қолайсыздығынан республикалық маңызы бар 15 жол жабылды. Сонымен қатар, 2023 жылдың 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылған болатын.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегі бойынша, сенбі-жексенбі күндері елордаға жауын-шашынның бір айлық нормасы түскен. Қазгидромет дерегінше, жауған қардың қалыңдығы 37,6мм құраған.

Сондай-ақ оқыңыз