Елімізде биыл да өрт қаупі сақталады

Жарияланды

Фото: ҚР ТЖМ

Республика аумағында биыл өрт қаупі сақталады. Себебі Казгидрометтің болжауы бойынша осы жылы жауын-шашын аз болып, құрғақшылық күтілуде. Бұл жайлы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.

«Жоғары өрт қаупі биыл да сақталады. Қазгидрометтің болжамы бойынша алдағы өрт қауіпті кезеңде температура орта есеппен +25ºС, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде температураның +30ºС дейін жоғарылауымен құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығы болжанады. Мұның бәрі, әрине, орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады», деді өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы.

Былтыр Қазақстан Республикасының аумағында табиғи өрттердің салдарынан 3 рет төтенше жағдай жарияланған. Жыл сайын өрт қауіпті кезеңде мыңға жуық орман және дала өрті, сондай-ақ халыққа, мүлікке және табиғатқа қауіп төндіретін 4 мыңға жуық табиғи жану тіркеледі. Былтыр еліміздің орман қорында 801 өрт тіркелді, өрттен жойылған орман алқабы 103 мың гектарды құрадған. Орман өрттерінің басым бөлігі Абай облысында – 260 жағдай, Павлодар облысында – 150, Шығыс Қазақстан облысында-77, Ақмола облысында – 72 және Қостанай облысында – 57 орын алды. 2022 жылы 111 орман өрті тіркелді, өрттің ауданы 55 мың гектарды құрады. Өкінішке қарай екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, 500 бас мал өртенген. Эколокгияға келтірген зияннан басқа малға жем-шөп базасының жойылуы, дала өрттерінің елді мекендерде орман қорына және жеміс алқабына нақты қауіп төндірді.

Мәселен 2022 жылы 17 табиғи өрт тіркелді. Қостанай обылысында 2022 жылы болған өрт қайғылы мысал болды. Өрттен бір адам қаза тауып, 91 тұрғын үй жойылды. Өрттен келтірген залал 18 млрд асты. Бір жыл ішінде өрттен келтірген залал жалпы залалдың 91 пайызын құрады. Өрттен өткен алаң 39 гектардан асса, шаруашылық алаңының 3/1 құраған.

Қазіргі таңда комитет барлық өңірлерде өрттің алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен. Бұл орайда Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп арнайы Ведомствоаралық жоспар бекітілген. Жоспарға сәйкес жағдай күрделене түскен кезде ірі өрт аймағына 39 мыңға жуық адам, 8 мыңнан астам техника, су төгетін құрылғылары бар 10 тікұшақ және 46 өрт сөндіру поездары жұмылдырылады. Тартылатын қызметтер отпен күресуге арналған құрал-жабдықтар қорымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ оқыңыз