«АрселорМиттал Теміртауға» 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Жарияланды

Фото: shutterstock

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның салық саласында тағы да заң бұзғаны анықталды. Компания 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткен. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кеткені анықталған

Нәтижесінде «Арселор МитталТеміртауға» ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.

Алайда наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағым түшірген. Бұл шағымды қараған Қарағанды облыстық соты Департаменттің дәлелдерін қолдап, әкімшілік айыппұл күшінде қалған.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Департамент қызметкерлері 2017 жылы жа осындай заң бұзылғанын анықтап, бюджетке 1,3 млрд. теңге көлеміндегі айыппұл толық көлемде өндірілген.

2017 және 2019 жылдары анықталған заң бұзу бойынша салыған айыппұл сомасы 2,5 млрд теңгеден асты.

Жақында абиғи монополияларды реттеу департаменті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 2,7 млн теңге көлемінде айыппұл салған еді.

Қазіргі кезде еталлургиялық кешеннен жылына 230 мың тонна зиянды зат ауаға тарайды. Экология министрлігі АТМ-дан зиянды қалдықты азайтуды талап еткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз