Жаңалықтар

Қазақстандық өнімдер Қытайдың JD.com маркетплейсінде сатылатын болды

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Сауда және интеграция министрлігі отандық өнімдерді Қытайдағы ірі маркетплейс – JD.com электронды сауда платформасына шығаруға келісті.

«Синьсин компаниясының қытай нарығындағы әлемдегі жетекші компанияларды сату және қызмет көрсетудегі мол тәжірибесін пайдалану арқылы кездесуге қатысушылар қазақстандық өнімді JD.com платформа арқылы Қытайға жылжыту мүмкіндіктерін анықтады», делнге хабарламада.

Келіссөздерге экспорттық әлеуеті жоғары тамақ өнімдерін шығаратын 10-ға жуық қазақстандық кәсіпорын қатыстқанү Олардың арасында күнбағыс, рапс майы, кондитерлік өнімдер, алкогольді және алкогольсіз сусындар, тағамдар және т. б. өндірушілер бар.

«JD.com» (Jingdong Mall) – 1998 жылы құрылған, Қытайдағы тауарлар мен қызметтерді сатуға арналған ең ірі онлайн платформа. Электрондық алаң әлемдегі ең ірі онлайн сатушылардың бірі, мұнда электроника, киім, аяқ киім, косметика, азық-түлік және т.б. тауарларды алғанда, 1 миллионнан астам тауар сатылады.

Қытайлық JD.com интернет-ретейлер 2022 жылдың төртінші тоқсанында жоғары сатылым мен шығынының төмендеуіне байланысты пайдасы өскенін хабарлады. 2021 жылдың соңғы тоқсанындағы 5,2 миллиард юань таза шығынмен салыстырғанда, қазан-желтоқсандағы таза пайдасы 3 миллиард юаньды (431,5 миллион доллар) құраған.

PwC Kazakhstan зерттеуінше, 2022 жылы Қазақстандағы электронды коммерция нарығы өзінің қалыпты өсімін жалғастырып, 1,3 трлн теңгені құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.