Жаңалықтар

АҚШ индекстері аздап төмендеді

Фото: kursiv.media

Жұма күні Dow Jones 0,4%-ға, S&P 500 0,2%-ға және Nasdaq 100 0,4%-ға құлдырады. Өйткені бірінші тоқсанның қаржы нәтижесімен макроэкономикалық деректер ФРЖ-ның базалық мөлшерлемені көтеруіне себеп болуы мүмкін.

Мичиган университетінің бағалауынша, тұтынушылардың көңіл-күйі сәуір айында күтпеген жерден 63,5-ке көтерілді. Сонымен қатар, тоқсандық есептер банк секторындағы соңғы күйзелістерге қарамастан ірі қаржы фирмаларының жақсы жұмыс істеп жатқанын көрсетті. JPMorgan Chase, Wells Fargo және Citigroup банк табысы жақсы екенін хабарлады. Сонымен қатар, BlackRock активі өсіп, JP Morgan-дағы депозиттер де күтпеген жерден өсті, өйткені инвесторлар бірнеше банктер ыдырағаннан кейін қаражын осы банкке салды. АҚШ-тағы бөлшек сауда наурыз айында күткеннен де төмен болды.

Еуропа қор нарықтарының индексі жұма күні аздап жоғары көтерілді, Stoxx 600 0,6%-ға. ал DAX 0,5%-ға өсті. Бірінші тоқсанда компанияның сатылымы 23%-ға өскеннен кейін Hermes акциялары 1,4%-ға қымбаттаса, ал TomTom акциялары жақсы нәтижелері туралы хабардан кейін 8%-ға өсті.

Жапондық Nikkei 225 дүйсенбіде 0,1%-ға төмендеп, 28 470-ке жетті. А Mitsubishi UFJ (1,5%), Nippon Yusen (2,2%) және Toyota Motor (1,2%) акциялары өсті. Ал Fast Retailing (-2,3%), Nippon Steel (-0,8%) және Baycurrent Consulting (-0,6%) айтарлықтай шығынға ұшырады.

Shanghai Composite дүйсенбі күні 1%-ға көтеріліп, 3570-тен жоғарылады. Оған ехнология, энергетика және тұтыну секторларындағы жетістіктер көмектесті. Naura Technology (4,7%), Dawning Information (3,7%) және Contemporary Amperex (2,5%) компанияларының акциялары айтарлықтай қымбаттады.

Жұма күнгі сауда-саттық нәтижесінде KASE индексі аса қатты өзгермей, 3 461,28 тармақты (-0,01%) құрады. Индикатор тізіміндегі «Қазатомөнеркәсіп» (-0,7%), «ҚазМұнайГаз», «Халық банкі» және «Қазақтелеком» (әрқайсысы 0,4%) акцияларының құны арзандап, Kcell (+1,2%), Kaspi және KazTransOil-тың эмиссиялық бағалы қағаздарына деген сұранысты толығымен дерлік теңестірді.