Нарықта dijital дағдыларды меңгерген мамандар сұраныста

Жарияланды
Фото: ortcom.kz

Бүгінгі таңда еңбек нарығында dijital дағдыларды бар мүгедектігі бар жандар да сұраныста. Жалпы елімізде 700 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 58% яғни, 420 мың адам еңбекке қабілетті жаста. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың бұл бағытта қандай шаралар жүргізіп жатқандығы туралы айтылды.

Ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастырудың бірнеше мүмкіндігі қарастырылған.
Біріншісі – квота бойынша жұмысқа орналастыру. Яғни жұмыс орындарына 2-4 пайызға дейін квота беріледі. Бұл квота бойынша 2022 жылы 12200 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан.
Екінші тетік – ерекше қажеттілгі бар тұлғалар үшін арнайы жұмыс орындарын құру. Мұндай жоба 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибе негізінде іске асырылып келеді. Онда мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орны жабдықталып, жұмыс орны құрылады. Мұндай жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің шығындары мемлекеттен өтеледі екен.

«Аталаған тетік қайта қаралып күшейтілді. Биылдан бастап жұмыс берушілердің шығындары 1 милиион теңге көлемінде өтеледі. Оған қоса жұмыс орындарына алынатын мүгедектігі бар адамдардың жалақысы мемлекет есебінін 3 жыл қатарынан субсидияланады. Бірінші жылы жалақының 70 пайызы, екінші жылы – 65 пайызы, үшінші жылы – 60 пайызы мемлекеттен беріледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 13 мыңнан аса мүгедектігі бар адам қамтылды. Нәтижесінде 481 ерекше қажеттілігі бар адам және 286 мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар арнайы грант алды. Бұдан бөлек 1200 мүгедкетігі бар жан тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 5.9 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Жалпы, 2023 жылдың наурыз айындағы статистикаға сәйкес, біздің елде еңбекке қабілетті 421 мың мүгедек адам бар. Оның ішінде 112 мың адамға соңғы үш айда жұмыс беруші тарапынан зейнетақы мен әлеуметтік төлем жүргізілген», деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев.

Мемлекет тарапынан осындай қолдау көрсетіліп жатқанымен, елімізде жастарды жұмыспен қамту деңгейі төмен екен. Оған әсер ететін факторлар туралы «ITeachMe» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева айтып берді.

«Себептердің бірі – жастардың ресми оқу орнында алған білімі іс жүзінде қолдануға жарамайды және түлектерді жұмысқа алғысы келетін жұмыс берушіге де кейде қажет болмай жатады. Бүгінгі таңда оқу орындарын бітіргеннен кейін жастарды бірден жұмысқа алу үшін қосымша білім алу маңызды. Трендте болу, әлемде не болып жатқанын білу керек. Қазіргі уақытта әлемдік технологиялар мен цифрлық дағдыларды меңгеру сұраныста. Біз 200 жұмыс беруші арасында сауалнама жүргіздік, олардың 62 пайызы dijital дағдыларын меңгерген мүгедектігі бар жандармен жұмыс істеуге дайын екенін айтты», дейді.

Сол заманауи талаптарға, жұмыс берушілердің сұранысына сай болу үшін қоғамдық қорлар тарапынан арнайы курстар дайындалған. Мәселен Skills.enbek.kz платформасында мүгедектігі бар жандар үшін 209 курс дайындалған. Оның ішінде 126 курс тегін, 85-і қазақ тілінде екен.
Мамандар сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтар жұмыс барысында құқы шектеліп жатса, әр өңірдегі инспекторлардың көмегіне жүгініп, мәселені шешуге болатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз