Қазатомөнеркәсіп «Каустик» АҚ-дағы қатысу үлесін өткізді

Жарияланды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы «Каустик» АҚ-дағы өз үлесін өткізгені туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өнеркәсіптік кәсіпорын Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде бәсекелестік ортаға беруге жататын ұйымдардың тізбесіне енгізілді.

2021 жылғы 30 желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі» ЖШС арасында «Каустик» АҚ акцияларының 40% пакетін сатып алу-сату шарты жасалды. Нарықтық құнын тәуелсіз бағалауға сәйкес Компания үлесін сату бағасы 1,2 млрд теңгені құрады. Шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздар үшін төлем бөліктерге бөліп жүргізілді. 2022 жылдың қаңтарында Қазатомөнеркәсіп 364 миллион теңге көлемінде алғашқы транш алды. 2022 жылғы ақпанда 12%-ға баламалы жай акцияларды қабылдау-беру актісіне қол қойылды. 2023 жылғы 28 наурызда сатып алушы екінші траншқа 849 млн теңге көлемінде төлем жасады, сондай-ақ төлемді кейінге қалдырғаны үшін 163 млн теңге сыйақы төледі. 2023 жылғы 11 сәуірде қалған 28% акцияны қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды. Сыйақыны ескергенде, Қазатомөнеркәсіптің «Каустик» АҚ-дағы үлесін сатудың жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд теңгені құрады. Осылайша, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Компанияның дербес шотынан бағалы қағаздарды есептен шығарды және «Каустик» АҚ-да Қазатомөнеркәсіпке тиесілі барлық акцияларды сату жөніндегі мәміле толығымен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз