СІМ Майамиде үш жігітті соққыға жыққан қазақстандыққа қатысты ақпарат таратты

Жарияланды
ҚР СІМ
Фото: Kursiv.media

Әлеуметтік желіде АҚШ-тағы қазақ жігіті өзін тонамақ болған 3 жігітті ұрып, қаруын тартып алғаны туралы хабар тарады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді.

«Майами қаласында жергілікті қарақшылық топ Қазақстан азаматына қарсы тапанша қолданып, оның сөмкесін тартып алған. Оның айтуынша, сөмкеде құжаты мен ақшасы болған. Қазір құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Олар сөмкені ұрлаған күдіктілерді іздестіріп жатыр», – деді Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, консул Қазақстан азаматын тауып, онымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланысқан.

«Төбелес барысында кішігірім жарақат алғанына қарамастан қазақстандық ем қабылдаудан бас тартты. Оның денсаулығына қауіп жоқ. Ол аман-есен», – деді Смадияров.

Айбек Смадияров қазақ жігіті АҚШ-та заңды түрде жүргенін атап өтті.

«Қазақстандық АҚШ-қа 2 айлық оқуға барған. Ол Латвияда аэронавигация институтынан Америка Құрама штаттарына практикаға барған. Оның мамандығы – авиадиспетчер», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз