Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа жібермеді

Жарияланды

Фото: Айгерім Қыдырбаева

Істі қарап жатқан Байқоңыр ауданы сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберу туралы өтінішті қанағаттандырмады.

Судья істің қазіргі кезеңінде сотталушы Мұхамедиұлын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз жоқ екенін айтты.

Осылайша адвокат Төлеевтің істі тоқтату және айыпталушыны үйқамаққа жіберу туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Сондай-ақ сот залына жеткізілген Мұхамедиұлы денсаулығының жақсы екенін, күн сайын йогамен айналысып жүргенін айтты.

Дүйсенбі күні Астана қаласында экс-мәдениет министріне қатысты сот отырысы басталған болатын. Айыпталушы өзін үйқамаққа жіберуді сұраған еді.

Сондай-ақ оқыңыз