Судандағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 97-ге жетті

Жарияланды

Судан армиясы мен Жедел қолдау күштерінің әскерилендірілген тобы арасындағы үш күнге жалғасып жатқан қақтығыс салдарынан 97 адам, соның ішінде БҰҰ-ның үш қызметкері қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сенбіден бері Судан қарулы күштері Жедел қолдау күшіне (араб жасағынан құралған топ) қарсы әскери әрекет жасап жатыр.

Қақтығысқа артиллерия мен авиация тартылды. Жарылыс ел астанасы Хартумда, сондай-ақ таяу маңдағы Омдурмане және Бахри қалаларында естілді.

Судан дәрігерлер кәсіподағының мәліметінше, дүйсенбіде қаза тапқан адам саны 97-ге жеткен, тағы 365 адам жарақат алған.

Жексенбі күні қақтығыс кезінде БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының үш қызметкері Дарфур провинциясында қаза тапты, деп хабарлайды AFP.

Дүйсенбі күні таңертең армия бас штабының қақпасы алдында қақтығыс болды, бұл – RSF бақылауға алуға тырысып жатқан негізгі армия нысаны.

Бұл ғимаратты басып алу іс жүзінде Судан армиясының өзін басып алғанмен бірдей.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тараптарды оқ атуды тоқтатуға шақырды.

Кешке БҰҰ тараптардың гуманитарлық эвакуация үшін үш сағаттық гуманитарлық бітімге келіскенін хабарлады.

Елге қатынайтын халықаралық әуе компаниялары рейстерді тоқтатты. Судан мемлекеттік телеарнасы хабар таратпай тұр.

Сондай-ақ оқыңыз