Бірінші исламдық финтех tayyab автосадақа қызметін  іске қосты

Жарияланды
PR

Бірінші исламдық финтех tayyab исламдық төлем карталарында автосадақа опциясын іске қосты.

Бұл қызмет садақаның автоматты төлемін қосуға мүмкіндік береді, мұнда әр транзакциядан белгілі бір пайыз алынады (0,5 %, 1%, 2%) және tayyab қосымшасындағы қайырымдылық қорларының біріне шотқа бағытталады.

Бұл Қазақстандағы әрбір төлемнен, мысалы, кофе, супермаркеттен азық-түлік немесе жанармай құю бекетінен бензин сатып алу арқылы садақа жасауға мүмкіндік беретін алғашқы және жалғыз қаржы өнімі. 

Tayyab қосымшасын жүктеп алып, картаны осы сілтеме арқылы 3 минут ішінде тегін шығаруға болады және қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады  www.tayyab.kz.

Tayyab туралы ақпарат

«Бірінші исламдық финтех tayyab өз клиенттеріне VISA халықаралық төлем жүйесі негізінде бірегей цифрлық және физикалық исламдық төлем карталарын, ақша аударымдары мен төлемдерді, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay және Tayyab қосымшасы арқылы мұсылмандардың күнделікті рухани практикасы қызметтерін ұсынады».

Қызметті «Bank RBK» АҚ ұсынады, лицензия №1.2.100/245/41, 05.04.2021 ж. ҚНРДА берілген.

Сондай-ақ оқыңыз