Жапония мен Оңтүстік Кореяның Қорғаныс және сыртқы істер министрлері екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Бұл соңғы бес жылдағы екі елдің ресми деңгейдегі алғашқы кездесуі.
Келіссөздер барысында тараптар Солтүстік-Шығыс Азия мен Корей түбегіндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Пхеньянның ядролық және зымырандық қаупі аясында АҚШ-пен бірлесіп әскери жаттығулар өткізу туралы жариялады.