Жаңалықтар

Әскери борышын өтеп жүргендерге несие бермеу керек – сенатор

Сенат депутаты Жанна Асанова Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие бермеуді ұсынды. Ол Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Сұлтан Қамалетдиновке қарата несиелендіру мәселесіне тоқталды.

«Әскердегі сарбаздарға несие алуға тыйым салу керек. Себебі олардың атына қомақты несие алған жағдайлар болған. Мұның неге істелетіні белгілі. Kaspi қосымшасы арқылы оны істеу жеңіл», – деді сенатор.

Оның айтуынша, әскери борышты өтеу кезінде несие төлемеу құқығын беру туралы меморандумға бұған дейін қол қойылғанымен ол декларативті сипатта болды. Сондықтан, бұл мәселені заңмен бекітуді ұсынды, депутат