WhatsApp-та алаяқтар Halyk Bank атынан Рамазан айына орай сыйлықтар ұтысына қатысуға шақырған хабарлама таратып жатыр. Бұл туралы Stopfake сайты хабарлады.
Halyk Bank-тің ресми сайтында Рамазан айына орай сыйлықтар табысталатыны немесе ұтыс ойыны өткізілетіні жайлы хабарландырулар жоқ.
Банктің Instagram-дағы және Facebook-тегі ресми парақшаларында да мұндай ақпарат жарияланбаған.
Интернеттегі алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Алаяқтар өз сайттары арқылы пайдаланушылардың мобильді банкингінің, жеке аккаунттарының логиндері мен парольдерін және т.б. жеке ақпаратына қол жеткізе алады.