Несие беруден қай банк көш бастап тұр?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстандық банктердің несие портфелі биыл 1 наурызда 24,3 трлн теңгеге жетті, бұл бір ай бұрынғыдан 0,6% артық. Портфельдің жылдық өсімі 19,6%-ды құрады, деп жазады ranking.kz

Несие көлемінің ай сайынғы өсімі бойынша кредитор банктерінің ондығында Еуразиялық Банк көш бастап тұр: 1,2 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк бірден 56,1% өскен бұл да ҚР банк секторындағы ең күшті көрсеткіштердің бірі. Банктің несиелік портфелінің сапасы артып келеді: 90 күн төленбеген төлемі бар несиелердің портфельдегі үлесі бір ай бұрынғы 5,01% және бір жыл бұрынғы 7,54%-бен салыстырғанда 4,96%-ды құрады.

Some Image

Банк RBK екінші орында: 1,8% өсіп, биыл наурыз айында 890,4 млрд теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк 32,9% өсті. Банктің несие портфеліндегі NPL 90+ үлесі 3,39%-ды құрады.

Үздік үштікті ЦентрКредит Банкі жабады: бір айда 1,1% өсіп, 2,2 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк портфелі 74,5% өсті, бірақ бұл жерде өсімге бұрынғы ресейлік Альфа-Банкті сатып алуы әсер еткен. Қаржы институтының портфеліндегі NPL 90+ үлесі 2,16%-ды құрады.

Жалпы, ҚР-ның 21 ЕДБ-нің 13-і өсім көрсеткен. Банк секторындағы NPL 90+ деңгейі орташа алғанда бір жыл бұрынғы 3,48%-бен салыстырғанда 3,41%-ды құрады (бір айда көрсеткіш өзгерген жоқ).

Some Image

Сондай-ақ оқыңыз