Болат Назарбаев «Барыс» базарынан айырылды
Фото: saliqaly.kz
Қарасай аудандық соты «Барыс» көлік базары орналасқан жер учаскесін сату туралы келісім-шарттарды жарамсыз деп тапты. Бұл туралы Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Сот талап арызында 2004-2019 жылдар аралығында мемлекеттік мекемелер мен жауапкер Н. арасында ауыл шауашылық мақсаттағы жер телімдерін сату-сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны көрсетілген. Осыған байланысты Қарасай ауданының прокуроры келісім-шарттарды жарамсыз деп тануды сұрады», – деп хабарлады Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотта жер телімдерін Болат Назарбаевтың атына аударған кезде облыстық жер ресурстарын басқару комитеті және жер учаскелерінің санатын беру жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілмегендіктен, жер телімдерін беру ережелері бұзылғанын анықтады. Бұл жер ауыл шаруашылық мақсаттағы жер болған.
Биыл наурыз айының соңында Қазақстанның экс-президенті Болат Назарбаевтың бауыры Алматы мен Алматы облысындағы ірі «Барыс» автобазарынан айырылу мүмкін екені хабарланды. Прокурор жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімдерін сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тануды талап еткен.
«Барыс» автобазары Алматы-Бішкек тас жолының бойында, Қаскелең қаласы маңында орналасқан. Ол жерде жүрген көліктер мен автобөлшектер сатылады.
Бұған дейін Болат Назарбаевтың АЗТМ-ның бірқатар акциясын мемлекетке қайтаратыны белгілі болды.