2023 жылдың І тоқсанында KASE индексі 3,1%-ға өссе, ал AIXQI индексі 1,0% өсім байқатты. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бағалы қағаздар нарығына шолуын ұсынады.
2022 жылы екі индекс те қатты төменжеп кеткен болатын. KASE индексі 12%-ға төмендесе, AIXQI 15% жоғалтқан. Ал жыл басынан жаһандық мөлшерлемелердің өсу циклінің аяқталуы, компаниялардың жақсы қаржы нәтижелері, алдағы дивиденд төлемдері және тартымды сатып алу бағасы инвесторлардың тәуекел тәбетінің қалпына келуіне себеп болған.
Айта кетейік, индекске кіретін 9 компанияның жетеуі жаұсы дивидент төлей алады. (Kcell Директорлар кеңесі оларды төлемеуге кеңес берсе, ал ЦКБ біраз жылдар бойы жай акциялар бойынша төлем жасамады). Сонымен қатар, АҚШ-тағы инфляцияның төмендеуі де инвесторлар көңіл-күйін жақсартып, теңгедегі активтерге деген сұраныстыр біршама арттырды.
Тиісінше, қор нарығының болашағы жыл басындағы көтсеткіштен аздап жақсы. Ал инфляцияның одан әрі төмендеуі, ақша-несие шарттарының өзгеруі және әлемдік экономикада рецессия болмай, есесіне қалпына келуі – қор нарығы дамуын жеделдеуі ықтимал.
Бірінші тоқсанда инвесторлар арасында ең жоғары сұранысқа үш ірі банк — Халық банкі (+8,2%), Kaspi (+4,5%) және ЦКБ (+6,3%) акциялары ие болды. Олардың акцияларына деген сұраныс банктердің жақсы қаржы нәтижеге ие болуы ықпал етуі мүмкін. Олардың кірісі 2022 жылы 64 пайызңа өскен.
Бұл ретте KASE және AIXQI индекстерінің құрылымына енгізілген ҚМГ бағалы қағаздары акциялардың қайталама нарығын өтімділігін едәуір арттырды. Мәселен, мұнай өндіруші компанияның акциялары үлесіне KASE*-дегі индекстік акциялармен жасалатын бүкіл мәмілелердің 81%-ы тиесілі. (Жалпы 55,8 млрд теңгеге акция сатылса, соның ₸45,4 млрд ҚМГ акцияларының саудаына түскен қаржы).
Бөлшек инвесторлардың қор нарығына деген қызығушылығы жоғары: биыл 3 айында елдегі бөлшек сауда базасы 242 мыңға өсті (өсімнің 53% ОД-ға және 47% – ы AIX CSD-ге тиесілі), 1,3 млн. – ға дейін, еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 тоқсанында көрсеткіш 103 мыңды құрады.
Бұл қайталама нарықтағы акциялар саудасының жалпы айналымындағы бөлшек сауда үлесі 43,7-ден 45,8%-ға дейін өсті.