Солтүстіктегі сепаратистер 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жарияланды
ско
Фото: Shutterstock

Наурыз айында Солтүстік Қазақстанда «Халық кеңесі» тобын құрып, өздерін «КСРО ізбасары» деп жариялағысы келгендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық-процестік Кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Енді сепаратистер 10 жылға сотталуы мүмкін.

«Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы өткені интернет желісіне таралды. Сол хабар бойынша 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруды бастаған.

  Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында  «Халық Кеңесі» тобына қатысушы 20 адамнан тұратын топ жиналысы өтіп, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасары деп мәлімдегені белгілі болған.

«Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған. Бұл құжатта Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін  мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр», делінген хабарламада.

Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес,  олардың сөздерінен сепаратизм белгілері анықталған.

  «Қылмыстық  істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша  Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған», делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз