Илон Маск «TruthGPT» жасанды интеллект чат-ботын жасап шығармақ
Миллиардер Илон Маск өзінің «TruthGPT» деп аталатын жасанды интеллект чат-ботын іске қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы Fox News хабарлады.
«Мен TruthGPT немесе ғаламның табиғатын түсінуге тырысатын ақиқат іздеуші AI-ды іске қосамын. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етер жалғыз жол болуы мүмкін, өйткені біз ғаламың бір бөлігі болғандықтан, жасанды зерде адамдарды жойып жіберуі екіталай», – деді Маск.
Маск AI қауіпті құбылыс деп санайтынын, өйткені оның «өркениетті жою мүмкіндігі бар» екенін атап өткен, Ал TruthGPT -ның адамазатқа тигізер зияны жоқ көрінеді,
Бған дейіін Илон Маск Apple негізін қалаушы Стив Возняк пен технология саласындағы басқа да танымал тұлғалармен бірге GPT-4 де күшті жасанды интеллект (AI) жүйесін дамытуды кемі 6 айға тоқтата тұруды сұрап, ашық хат жолған болатын.
Атышулы ChatGPT жасанды интеллектісінің қандай мүмкіндіктері бар екенін мына жерден оқи аласыздар.