Алматыда 20 сәуірде жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Жарияланды

Осы бейсенбі  сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады.  Бұл ретте  жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, жыл басынан бері өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.Бұл туралы Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау.

Алдағы  жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілуде. Мәселен, ертеңнен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталып, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылып, ұсыныстар беріледі.

Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі», – деп Алматы қ. ТЖ департаментінде ескертілді .

Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.

Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады.

Барлық білім беру, денсаулық сақтау нысандары және қалада адамдар жаппай болатын (ОСС, сауда орталығы, СҮ) эвакуациялау үшін оқу элементтері әзірленеді, онда ТЖД қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» жадынамалар таратыпады.

Сондай-ақ ол қауіпсіз орындар электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық жерлер болып саналады .

Еске салайық, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады.

Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық  жер сілкінісін күтілуіне  байланысты емес.

Сондай-ақ оқыңыз