Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды – Тамара Дүйсенова

Жарияланды
тенге
Фото: Асқар Ахметуллин

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутатының атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынғанына қатысты пікір білдірді.

«Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды. Бізде (көмек) алып отырған отбасылар бар. Онда жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) беру керек. Алайда АӘК-тің механизмін жетілдіру бойынша депутаттармен бірге жұмыс істейміз», – деді еңбек министрі.

Айтуынша, бұрын атаулы әлеуметтік көмекті алатын азаматтар өздері келіп, арыз жазған. Содан кейін ғана көмек берілген.

«Жақында депутаттармен кездесіп, цифрлық картаны көрсеттім. Жалпы табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың жұмыс істей алмауының объективті және субъективті себептер бар. Осыған қарап, әрбір отбасыны анықтап, атаулы әлеуметтік көмекті беру мәселесі қарастыру керек екенін айттым», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз