Жаңалықтар

«Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге бөлінді – Алтай Көлгінов

Фото: Ақорда

«Ауыл аманаты» жобасына биыл 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.

«Ауыл аманаты» жобасын түсіндіру үшін, Үкімет мүшелері өңірлерге барып, әкімдермен бірлесіп, оның мүмкіндіктерін халыққа жеткізіп жатыр. Жобаға биыл 100 млрд теңге бөлінді. Ол 2,5%-бен несие ретінде беріліп жатыр. Нәтижесінде ауылдағы 18 мың тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып қана емес, өз жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға мүмкіндік алады», – деді Алтай Көлігов.

Ал бағдарлама шеңберінде 350 мың адамды қамту көзделген. Бұл жұмыс Amanat жұмыс Amanat партиясымен бірге атқарылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ауылды дамыту мәселесіне назар аударды.

«Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек. Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», – деді мемлекет басшысы.