Apple банкке айналуы мүмкін бе?
Фото: kursiv.media
АҚШ-тағы Charles Schwab, State Street және M&T сынды ірі банктерден клиенттері І тоқсанда 60 млрд доллар көлеміндегі допозитін шығарып алған. БАҚ дерегінше, Банк салымшылары өз қаржысын табысы жоғары салымдарға салып жатыр
Ірі банктерден қаржы кетіп жатқан шақта Apple мен Goldman Sachs АҚШ-та жаңа жинақ есепшот құралын іске қосатындарын мәлімдеді. Олар жылына 4,15 пайыз сыйақы төлейміз деп отыр. Бұл өз кезегінде дәстүрлі банктерге төнген жаңа қауіп белгісі сынды.
4,15 пайыз деген АҚШ-тағы жинақ есепшоттары орташа сыйақысынан әлдеқайда жоғары. Депозиттерді сақтандыру федералды корпорациясының дерегі бойынша, жинақ есепшоттардың сыйақысы 0,37 пайызды құрайды. Ол сонымен қатар, American Express сынды бәсекелестері ұсынатын 3,75 пайыздан, Marcus брендінің жеке жинақ есепшотының 3,9 пайыз сыйақсынан да жоғары болып тұр.
Қазіргі кезде депозит кірістілігінің төмендігі АҚШ экономикасындағы өзекті мәселеге айналды. Өйткені былтыр наурыз айынан бері АҚШ-тың коммерциялық банктерінен клиенттері 800 млрд USD көлеміндегі депозиттерін алып кеткен. Ол кезде ФРЖ базалық ставканы ақырындап көтере бастаған еді. Базалық ставка көтерілгенімен, кредиторлар депозит сыйақысын өсіруге асықпады. Берген несиесінің мөлшерлемесі жоғары болса да, депозиттерінің сыйақысы төмен деңгейде қалды,
Осы орайда көпшілік Apple банкке айналуы мүмкін бе деген сауал тастайды. Расында оның ұсынып отырға жинақ есепшоты «Қазір сатып алып, кейін төле» бағдарламасынмен бірге, қаржы қыметтері құраларының санын арттырады. Алайда кейбір сарапшылар Apple банк атанбай-ақ, банк экономикасын қолдана алады деп пайымдайды. Яғни, Goldman-мен бірге осы қаржы құралдарын басқара отырып, түрлі қызмет ұсынуда тұтынушымен байланыстырушы көпір болып, негізгі жауапкершілікті Goldman компаниясына жүктей алады.
Қалай десе де, Bloomberg дерегіне сүйенсек, Apple былтыр табысының 20 пайызын қызмет көрсетуден тапқан. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 8 пайыз ғана болған.
Apple акциядары қазақстандықтар арасында танымал бағалы қағаздардың бестігіне кіреді. KASE Global деректері бойынша, 2022 жылы Аpple акцияларымен – 2,8 млрд теңгеге 2533 мәміле жасалған.