Credit Suisse нацистермен байланысы бар есепшоттарға қызмет көрсеткен бе?
АҚШ Сенатының бюджет комитеті швейцариялық Credit Suisse банкі нацист клиенттердің және олармен байланысты шоттарға қызмет көрсететінін анықтаған зерттеуін жариялады. Бұл жайт 2020 жылға дейін жалғасып келген.
2020 жылдың наурызында Саймон Визенталь орталығы (SWC) Credit Suisse-ке бұл банкте нацистермен байланысты шоттар ашылғаны жайлы сенімді ақпараты бар екенін хабарлады. Олар 1990 жылдардағы Холокостқа қатысты көптеген тергеу кезінде ашылмай қалған.
Нәтижесінде банк тергеу жүргізуге өз еркімен келіскен. Тергеу жүргізу үшін AlixPartners сот-медициналық зерттеу фирмасын жалдады.
«Расында Credit Suisse басым көпшілігі бұған дейін жария болмаған есепшоттарды жүргізіп отырған. Олардың қатарында Германияда жоғары лауазым иеленген нацист шенеуніктер немесе Аргентинадағы нацист топтармен байланысты кемі 99 адам бар», деліген хабарламада.
Аргентиналық нацист топтармен байланысы бар болуы мүмкін 70 шот 1945 жылдан кейін ашылған. Соның ішінде 14,-і 21 ғасырға дейін, кейбірі тіпті 2020 жылға дейін ашық болған.
Сенат комитеті 1945 жылдан кейін нацистер ұстаған кейбір банк шоттардағы активтердің құнын қадағалау үшін көбірек жұмыс істеу керек деп мәлімдеді.
«Біз алған ақпарат банктің негізсіз қатаң және тар шектеулер қойғанын және аудит кезінде ішкі шектеулер қойғанын байқатады», – деді сенатор Чак Грассли өз мәлімдемесінде.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Credit Suisse нацистік есепшоттарға қызмет көрсетіп келгені жайлы ақпаратты жоққа шығарды
Бант AlixPartners зерттеуі барысында Саймон Визенталь орталығының «бейактив есепшоттарда Холокост құрбандарының қаржысы сақталған» деген айыптауына дәлел табылмағанын мәлімдеген.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылдың 1 қыркүйегінен 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейін созылды. Адамзат тарихындағы ең ірі қарулы қақтығыс болды. Оған 62 мемлекет немесе әлем халқының 80%-ы қатысты.
«Холокост энциклопедиясының» дерегі бойынша, соғыс кезінде 3 миллионға жуық поляк еврейлері мен 1,2 миллион кеңес еврейлері қаза тапқан.