![Qazaq Air запустит авиарейсы из Астаны на Алаколь.](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/04/12-2-1024x474.jpg)
Qazaq Air әуекомпаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасын іске қосады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Рейстер кесте бойынша жұма мен жексенбіден басқа аптасына 5 рет жиілікте орындалады:
IQ 537 Астана (11:55) – Үржар (13:50)
IQ 538 Үржар (14:30) – Астана (16:30)
Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша рейстер жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 16 000 теңгені құрайды.
14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы – 5 кг, багаж – 20 кг. Ұшу күнін өзгертуге және билеттерді қайтаруға рұқсат етіледі.