Жаңалықтар

Тоқаев мүлік иелерінің бірлестігін енгізу реформасын сынға алды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) енгізу қателік болғанын айтты.

«Қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі де талқыланып жатыр. Мүлік иелерінің бірлестігі (ОСИ) институтын енгізуге бағытталған реформа соңына дейін жеткізілмеді. Мүлік иелерінің бірлестігімен қатар пәтер иелері кооперативі (КСК) әлі жұмыс істеп тұр. МИБ енгізу реформасы кезінде қатты қателестік», – деді Тоқаев.

Мұндай жағдайда адамдарды сапалы және ашық қызметтермен қамтамасыз ету міндеті орындалмай отыр.
Сонымен қатар бұл реформа жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі алғашқы кезең болды. Сол себепті президент бұл тапсырмаға тиісті назар аудару қажет екенін еске салды. Сондай-ақ тексерілген инфрақұрылымдық саясат қажет екенін айтты.

«Тағы бір мәселе – қаланы абаттандыру. Бұл мәселемен барлық деңгейдегі әкімдер айналысуға тиіс», – деді Тоқаев.

Себебі әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар өңірлердің даму деңгейі ғимараттардың сыртқы келбеті, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі, аумақтарды көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктің жай-күйі, балалар спорт алаңдарының болуы арқылы көрінеді.